text stringlengths 300 213k |
|---|
Қазақстан ( ), толық атауы Қазақстан Республикасы () — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3 000 км-ге, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов теңізі мен Қара теңізге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан — ең үлкені.
Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзын шекара, солтүстігінде және батысында Ресеймен — 7591 км құрайды. Оңтүстігінде: Түрікменстан — 426 км, Өзбекстан — 2354 км және Қырғызстан — 1241 км, ал шығысында: Қытаймен — 1782 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13394 км. Батыста Каспий теңізімен (2000 км), оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады.
2023 жылдың 1 маусымдағы елдегі тұрғындар саны — 19 879 003, бұл әлем бойынша 64-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 902 км²).
Елдің елордасы — Астана қаласы. Мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Ресми тілі — орыс тілі.
Қазақстанның ұлттық құрамы алуан түрлі. Халықтың басым бөлігін тұрғылықты қазақ халқы құрайды, пайыздық үлесі — 70,18%, орыстар — 18,42%, өзбектер — 3,29%, украиндар — 1,36%, ұйғырлар — 1,48%, татарлар — 1,06%, басқа халықтар 5,38% .
Халықтың 75% астамын мұсылмандар құрайды, православты христиандар — 21%, қалғаны басқа да дін өкілдері.
Экономикалық көрсеткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі ЖІӨ (номинал) = $205,539 млрд (2018). Экономиканың негізгі бағыты — отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауыл шаруашылығы (егіншілік). Елдің негізгі валютасы — теңге.
1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады және халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды. 1992 жылдың 2 наурызынан бастап БҰҰ-ның толыққанды мүшесі. Сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына және Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы сияқты басқа да бірнеше халықаралық ұйымдардың құрамына кіреді.
Этимологиясы
Қазақстан сөзі Қазақ және Стан сөздерінен құралған, яғни Қазақ елі деген мағына береді. Соңғы кездері халық арасында Қазақ елі, Ұлы дала елі және Қазақия деген атаулар қолданылуда.
Тарихы
Ежелгі Қазақстан
Қазіргі Қазақстан жерін ежелгі адамзат баласы бұдан 1 миллиондай жыл бұрын мекен еткен. Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстан мен Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Мұны ғылымда Андрон мәдениеті деп атайды. Ерте темір ғасыры дәуірінде (біздің заманымыздан бұрынғы I мыңжылдық ортасы) Қазақстанда тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына, ал батыс, солтүстік аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бірлестігіне бірікті. Біздің заманымыздан бұрынғы III-ғасырда Қазақстан жерінде кейбір тайпалар өз мемлекетін құрып, алыс-жақын елдермен саяси қарым-қатынастарға түсті. Олардың алғашқылары сюнну (ғұндар) болатын. Зерттеушілер ғұндарды түріктердің арғы ата-бабалары деп есептейді. Бұл бірлестікті Мөде басқарған кезде ғұндар бүкіл әлемге танылды. Ғұндардың батысқа жорығы “Халықтардың ұлы қоныс аударуына” түрткі болды. Жетісуда ежелгі тиграхауда сақтарының жерін мұра етіп алған усундер (үйсіндер) біздің заманымыздан бұрынғы 160 ж. шамасында Іле алқабында өз мемлекетін құрды. Олар Қаңлы мемлекетімен шектесті. Бұл тайпалар құрған мемлекеттер Қытай, Парфия, Рим және Кушан империясы сияқты елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыс орнатқан.
Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан (Түркі дәуірі)
Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырдағы мемлекеттер (VI-IX ғғ)
VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар болған. Алтай-Сібір, Моңғолия жерінде түркі тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты ерте феодалдық мемлекет құрды. Олардың жері шығыс Кореядан бастап, Орта Азияның жерін де қамтылған. Қазақстан да бұл қағандықтың құрамына кірген.
Бұл мемлекет туралы жазба деректер түрік тайпаларының өз тілінде жазылған «Үлкен күлтегін», «Тоныкөк» құлпытастарындағы жазуларынан белгілі. Махмұд Қашқари, Рашид-ад-диннің тарихи жазбаларынан көптеген құнды деректер алуға болады. Византия, Қытай тарихшылары да мол мәлімет береді. Қазақстанның тарихында бұл мерзім «Түрік дәуірі» (VI-XIII ғ. ғ.) деген атпен белгілі. Қазақ жерінде көрсетілген мерзімде бірнеше феодалдық мемлекеттер өздерінің саяси-әкімшілік биліктерін жүргізді.
Қазақстанда алғашқы қауымдық құрылыстан кейін V ғасырдан феодалдық қатынастар орнай бастады (немісше феод- «жер», аль- «иесі», яғни жердің иесі деген ұғымды береді.). Ортағасырлық тайпалардың арасында негізгі екі тап: феодалдық табы мен шаруалар табы қалыптасады. Феодалдар мал мен жердің негізгі иесі болады. Феодалдық қатынастардың орнауы Қазақстанның оңтүстігінде басқа өңірлерге қарағанда жедел жүрді. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының басты ерекшеліктерінің бірі осы феодалдық-патриархаттық қатынастардың орнауы болды.
Орта ғасырлардағы Қазақстан (Оғыз дәуірі)
Орта ғасырларда қазіргі Қазақстан жерін Қарахан, Қарақытай, Оғыз, Қимақ мемлекеттері өмір сүрді.
Ресей империясының құрамындағы Қазақстан
Қазақстанды Ресейдің отарлауы 1731 жылы Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуынан басталды. Бұл процесс 130 жылдан аса уақытқа созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай толық жүзеге асырылды. 1731–1860 жылдары Қазақстан Ресейге, көбіне сөз жүзінде ғана бағынып, іс жүзінде ру, тайпа билеушілері дербес саясат жүргізді. Патша өкіметі халық көтерілістерін аяусыз басып отырғанымен, елдің ішкі істеріне (сот жүйесіне, ру аралық мәселелерге) араласпады. Ел ішіндегі беделді адамдарға, ру басыларына жалақы тағайындап, әр түрлі атақтар беріп, екінші жағынан әкімшілік реформалар жасап, көнбегендерін жазалау арқылы өз билігін күшейтті.
1822 ж. “Сібір қазақтары туралы жарғы”, 1824 ж. “Орынбор қазақтары жөніндегі жарғы” деген құжаттармен қазақ жерін басқару тәртібі белгіленді. Осы заңдар бойынша Орта жүз бен Кіші жүз хандықтары жойылды. Кіші жүзде хандық биліктің орнына Ресейдегі сияқты әкімшілік басқару жүйесі қалыптасты. Ал Орта жүзде “аға сұлтан” деген басқарушы қызмет енгізілді. Ішкі округтер құрылды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді.
19-ғасырдың басында Хиуа мен Қоқан хандары Оңтүстік Қазақстанға өз бақылауларын орнатты. Қазақтар Қоқан мен Хиуа билеушілеріне қарсы жиі-жиі бас көтеріп отырды. Отарлық езгінің күшеюі, шұрайлы жерлерді тартып алып, бекіністер салу Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысын (1837–47) тудырды.
19-ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңі аяқталды.
1914 ж. 1-тамызда Ресейдің 1-дүниежүзілік соғысқа тартылуы Қазақстан халқына ауыр соққы болып тиді.
Жаппай наразылықтар нәтижесінде 1916 жылғы көтеріліс шықты. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 жылғы 25-маусымдағы майдандағы қара жұмысқа Қазақ пен Түркістан өлкелерінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43 жас аралығындағы ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу мен Торғайда болды.
1917 ж. патшаны тақтан құлатқан Ақпан революциясының оқиғалары көп ұзамай Қазақстанға да жетті.
1917 ж. 21–28 шілдеде Орынборда 1-Бүкілқазақ съезі өтті. Делегаттар ұлттық автономия, жер-су, т. б. мәселелердің шешілуіне, Құрылтай жиналысына әзірлік және қазақ саяси партиясын құру мәселелеріне баса назар аударды. Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышбаев, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы, Жанша Досмұхамедұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мағжан Жұмабаев, т. б. қайраткерлер отаршылдыққа қарсы Алаш партиясын құрды. Олар қазақ халқын отарлық езгіден азат ету ұраны төңірегіне топтасып, қазақтың дербес, тәуелсіз Алашорда демократиялық мемлекетін құруға кірісті. Бірақ көп ұзамай бүкіл Ресейдегі сияқты қазақ жерінде де кеңес билігі орнады.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
1917 жылы большевистік революциядан кейін Қазақстанда Кеңес билігі орнады. Бірінші дүниежүзілік және азамат соғыстары бүкіл ел шаруашылығын күйретті. 1920-1921 жж. қыста болған жұттың салдарынан ірі қараның жартысына жуығы қырылды. 1921 жылы жаз егінсіз болып, аштық орнады. Тек 20-жылдардың соңына қарай Қазақстан қалпына келді. 1920 жылы Қазақстан автономды, ал 1936 жылы КСРО құрамындағы одақтық республика болды.
Аймақтың экономикалық әлсіздігін есепке ала отырып, одақтық үкімет Қазақстан шаруашылығын қарқынды түрде дамытуды алға қойды және 1941 жылы өнеркәсіп өндіріс көлемі 1913 жылмен салыстырғанда сегіз есеге артты. Ірі экономикалық жобаларды орындауға ресурстарды топтастырудың жоспарлық жүйесінің мүмкіндіктері арқасында Қазақстан 30-жылдары көшпелі өлкесінен ірі және өнеркәсіптік, егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған, жоғары мәдени деңгейі бар аймаққа айналды.
Қазақстан аумағында мыңдаған ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар құрылды, он мыңдаған шақырымға созылған темір және автомобиль жолдары түсті. Қазақстан түрлі түсті және қара металл, көмір, мұнай, бидай, мал шаруашылығы өнімдерінің ірі өндірушісі болды. 1991 жылы Қазақстан үлесіне қорғасын, мырыш, титан, магний, қалайыны өндіруде одақтық өндірістің 70 пайызы, фосфор мен хром өндірісінің 90 пайызы, күміс пен молибденнің 60 пайыздан астамы тиесілі болды. Қазақстан дәнді дақылдардың ірі өндірушісі болды.
Алайда, экономикалық дамудағы жетістіктер үшін қазақ халқы құнын өтеді. «Социалистік индустриялау» әдісі қайғылы жағдайға әкелді. Нәтижесінде ұжымдастыру бойынша қозғалыс 30-жылдары аштыққа әкеліп тіреді. Қазақтардың бір бөлігі тобымен Қытайға және көршілес ортаазия елдеріне кетті. 1931-1934 жылдары аштық пен аурудан бір жарым миллион адам қаза тапты, ол этностың 40 пайызын құрады.
Қазақстан бұрынғы КСРО аумағындағы негізгі тұрғындардың ең аз бөлігін құраған бірегей республика болды; мұндай жағдай 30-жылдары халықтың көп бөлігінен айырылғаннан емес, КСРО-ның басқа аймақтарынан Қазақстан аумағына жүз мыңдаған адамдарды жарамсыз большевиктік режимде 1937-1938 жж. террор құрбандарына арналған концлагерлер ұйымдастыру арқылы қоныс аудару салдарынан болды.
1935 жылдан 1940 жылға дейінгі кезеңде Батыс Украина, Белоруссия және Литвадан поляктардың жер аударуы көп орын алды (120 мыңға жуық адам). ІІ дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстанға Поволжья немістері, Кавказдан шешендер, ингуштар және басқа да ұлт өкілдері күштеп қоныс аударылды, ал 50-60 жж. тың игеруге байланысты біздің елге Ресей, Украина, Белоруссиядан миллиондаған тұрғындар көшіп келді. Нәтижесінде 1926 жылы республикадағы барлық тұрғынның меншікті салмағы 57,1% құрап, 1939 жылы бұл көрсеткіш 38%-ға дейін төмендеді, ал 1959 жылы небәрі 30 пайызға тең болды. Тек соңғы жылдары қазақтардың меншікті салмағы 50 %-дың көрсеткішке жетті.
70-80 жылдар қарсаңында КСРО-ның экономикалық және әлеуметтік-саяси өміріндегі дағдарыс Қазақстанға да әсер етті. Қатаң жоспарлық жүйе елдің экономикалық дамуын, әлеуметтік саланы тоқыратты. Сондықтан да қайта құру саясаты жариялылық пен демократияға сенген Қазақстан халқынан кең қолдау тапты. Алайда, 1986 жылғы 17 желтоқсанда орын алған Алматыдағы жастардың демократиялық көтерілісінің қатты қысымға алынғаны тағы да «әлеуметтік» жүйенің жарамсыздығын көрсетті.
Қазақстан Республикасы
1990 жылдарда
1991 жылы 8 желтоқсанда РКФСР, Украина, Беларусь басшылары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі мәселелер — 1922 жылғы КСРО құру туралы келісім шартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы құжаттарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев та, басқа Орта азиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.
1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келісімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, РКФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.
1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.
Кеңестік жүйенің құрсауынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын Қазақстан Республикасы деп өзгертті.
Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы - ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қаруы бар мемлекет есебінде Белорусь, Қазақстан, Ресей Федерациясы және Украина Республикасының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша — қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достастығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.
КСРО-ның ыдырау процессін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.
Екінші мыңжылдықта
Екінші мыңжылдық 10 жылдарында
Географиясы
Қазақстан Республикасының жер көлемі 2,7 млн шаршы шақырым. Жерінің ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-шы орында тұр.
Республика Еуразия құрлығының орталығында барлық мұхиттардан бірдей қашықтықта орналасқан. Республика батысында Еділ өзені алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін 3 мың км дейін, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1600 км-ге дейін созылып жатыр. Қиыр солтүстік нүктесі (55 26 с. е.) Шығыс Еуропа жазығының орталық бөлігі мен Британия аралдарының оңтүстігіне, ал оңтүстік нүктесі (40 56 с. е.) Кавказ сырты мен Оңтүстік Еуропаның Жерорта теңізі өңіріндегі елдердің ендігіне сәйкес келеді. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Географиялық орнына қарай орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Елдің батыс шеті (46 27 ш. б.) Елтон және Басқыншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87 20 ш. б.) Бұқтырма өзенінің бастауына тұспа тұс келеді.
Аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер, қалған бөлігі ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Қазақстанның ең биік жері — Хантәңірі шыңы (6995 м, қар құрсауымен қосып есептесе 7010 м). Ол Тянь-Шань тау жүйесінде орналасқан. Каспий теңізінің шығыс жағалауында елдің ең ойпат жері Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 м төменде орналасқан.
Әкімшілік бөлінуі
Қазақстан Республикасы — унитарлы мемлекет. Әкішілік құрылымы бойынша құрамына 17 облыс, 89 қала, соның ішінде 3 республикалық маңызы бар қалалар (Астана, Алматы, Шымкент), 186 аудан, 174 ауылдық округ кіреді.
Ірі қалалар
Қазақстан қалалары
Қазақстан аудандары
Халқы
Мемлекеттік құрылымы
Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзін демократиялы, зайырлы, құқықты және әлеуметті мемлекет ретінде орнықтырды. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару формасындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғарғы өкілді органы — Парламент. Ол республиканың заң шығару құзіретін жүзеге асырады.
Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенатқа әр облыстан және респ. маңызы бар 2 қаладан екі адамнан сайланады. Сенаттың 15 депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс республиканың әкімш.-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылған, сайлаушылар саны шамамен тең болатын бір мандатты аумақтық сайлау округтары бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттан және партиялық тізім бойынша сайланатын 10 депутаттан тұрады.
Президент Үкіметті Конституцияда белгіленген тәртіппен құрады. Тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестің төрағасын республика Президенті тағайындайды.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Ол заңмен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғ. Соты және республиканың жергілікті соттары болады. Жергілікті мемлекет басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік (мәслихат) және атқарушы органдар (әкімдік) жүзеге асырады.
Табиғаты
Қазақстанның қазіргі жер бедері палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерінен кейін, теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климаттың үнемі өзгеріске ұшырауынан және тектоник. қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Республиканың орт. бөлігінде болған варийлік (герциндік) тау жүйелері жоғ. палеозойдан бастап қарқынды континенттік мүжілуге ұшырау салдарынан, қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды. Тек қана Торғай қолаты мен республиканың солт.-шығыс бөлігін кайнозойдың мореналық алаптарының жекелеген шығанақтары, ал оңт.-батыс бөлігін тұтасымен бор және неогендік теңіз басып жатты. Төрттік кезеңде ғана Маңғыстау түбегі мен оған жапсарлас аудандар климаты қуаң жазық құрлыққа айналды. Қазақстанның оңт.-шығысында неоген-төрттік кезеңде түзілген биік таулы аймақтың қалыптасу процесі бүгінге дейін созылуда. Оған жер қыртысының осы аймақтағы қозғалыстары мен сілкінулері дәлел. Таулы өңірді табиғат тарихында 3 рет мұз басқан, соның салдарынан мұнда қар, мұздықтық аңғарлар, мореналық жыныстар ұшырайды.
Қазақстан Шығыс Еуропа платформасының оңт.-шығыс шетін (Каспий маңы синеклизасын) және Орал-Моңғол қатпарлы белдеуінің батыс бөлігін алып жатыр. Қатпарлы белдеу өзінің оңт.-батысында Тұран ойпатына (тақтасына) жалғасады.
Тақтаның (плитаның) мезокайнозойлық тысының астынан Мұғалжар мен Қаратаудың (Маңғыстауда) палеозойлық құрылымдары шығып жатады. Бұлардың шығысындағы Қазақстанның таулы-қатпарлы бөлігінде Орт. Қазақстан палеозойлық массиві — Сарыарқаны, бірнеше қатпарлы жүйелер мен облыстарды (Шыңғыс — Тарбағатай, Обь — Зайсан және Алтай — Саян қатпарлы облыстарының қазақстандық бөліктері), Солт. Тянь-Шань мен Жетісу Алатауының ендік бағытқа жуық альпілік белдеулерін ажыратуға болады. Каспий маңы синеклизасы (ойпаңы) үш бөлікке жіктелген шөгінділерден тұрады. Төм. бөлігі қалыңд. 13 км-ге дейінгі рифей мен төм. және орт. палеозойдың құмды-тақтатасты, сазды, карбонатты-терригендік қат-қабаттарынан, орт. бөлігі кунгур ярусының (қалыңд. 5 км-дей) тұзды сериясынан, беткі жағы жоғ. пермь-мезозойдың теңіздік, континенттік шөгінділерінен (4–6 км) құралған...
Қазақстанның климаты шұғыл континентті. Климаттың континенттігі оның өзіндік ерекшеліктерінен көрінеді. Оларға: қыс пен жаз температурасының үлкен айырмашылықта болуы, ауаның құрғақтығы, республиканың көп жерінде атмосфералық жауын-шашынның әркелкі түсуі, қыстың солтүстікте ұзақ әрі аязды, оңтүстікте қысқа әрі жұмсақ болуы жатады.
Қазақстан өзі орналасқан географиялық ендігі бойынша климаты ылғалды субтропикалы Жерорта теңізі елдеріне және қоңыржай континентті орталық Еуропаға сәйкес келеді. Бірақ еліміз орасан зор Еуразия құрлығының ортасында орналасқандықтан климатының шұғыл континенттігімен ерекше. Өйткені Дүниежүзілік мұхиттардан мыңдаған километр қашық жатқандықтан олардың климат жұмсартарлық әсері өте аз.
Қазақстан коңыржай климаттық белдеудің оңтүстігінде жатыр, сондықтан жылдың төрт мезгілі (жаз, күз, қыс, көктем) айқын білінеді. Қыста Сібірдің қатты суығы келеді. Жазда Орта Азияның жылы, тіпті ыстық ауасының әсері жақсы байқалады. Жыл мезгілдерінің арасындағы температуралық айырмашылықтар климаттың континенттігін арттырады.
Кең байтақ Қазақстан жерінде оның географиялық орнына (яғни атмосфералық ылғалдықтың негізгі көзі — мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедеріне байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа кез келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешені ерекше әсер етеді.
Радиация . Қазақстан аумағы үстінде бүкіл жыл бойы жоғары қысымды ауа қабаты үстемдік етеді, ал оған көршілес аймақтарға (солт., батыс және оңт.) төм. қысымды қабаттар тән келеді. Жалпы республика аумағының көп бөлігінде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндер ұзақт. жылына солт-тен оңт-ке қарай 2000 сағ-тан 3000 сағ-қа дейін артып отырады. Жылына солт-те 120, оңт-те 260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер саны тиісінше 60 күннен 10 күнге дейін (Балқаш ойысында) кемиді. Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация мөлшері де солт-тен оңт-ке қарай 4200-ден 5500 МДж/м2-ге дейін біртіндеп артады. Сол сияқты төсеніш беттің (жер бетінің) сәуле қайтару қабілетіне байланысты сіңірілетін радиация мөлшері де оңтүстікке қарай бірқалыпты көбейеді. Сәуле қайтару қабілетін қыста тұрақты қар жамылғысы қалыптасқанда ең жоғары шегі 70–80%-ға жетіп, жазда көп жерде 20 – 30%-ке дейін төмендейді. Радиацияның жылдық тиімді сәулелену мәні солтүстікте 1500-ден оңтүстікте 2100 МДж/м2-ге дейін өзгереді. Теріс мәнді радиациялық баланстың маусымдық ұзақт. солт-те 3,5 — 4,5 ай (қараша — наурыз), оңтүстікте — 1 ай.
Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа жылдық көлемі 100,5 км³; соның ішінде не бары 56,5 км³-і ғана республика аумағында қалыптасады, қалған көлемі Орта Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады. Өзен су ағынының көлемі бойынша Қазақстан планетаның сумен ең аз қамтылған елдерінің қатарына жатады. Қажетті су тұтыну көл. 54,5 км³-ді құрайды, мұның сулылығы бойынша орташа жылдық бағаммен шаруашылыққа пайдаланылу мүмкіндігі 46,0 км3-ден аспайды. Су тапшы жылдары су ресурстарының көл. 58 км³-ге дейін, ал пайдаланылатын су тиісінше 26 км³-ге дейін төмендейді. Тұщы жер асты су қоры 15,1 км³-ді құрайды, оны пайдалану деңгейі 11,3% немесе 1,7 км³. Қайтымды сулардың көл. 4 км³, су көздеріне қайта құйылған су 2 км³-ден аспайды, қалған ағынды құрамы сейіледі немесе жерге сіңіп кетеді. Қайтымды сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың негізгі көзі болады.
Топырақ — табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ. Палеогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған.
Топырақ жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы — жас ғылым. Оның негізін салған XIX ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В. В. Докучаев — топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады.
Қазақстанда өзге елдерде кездесетін топырақ түрлерінің түгелдей дерлігі тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейін бар, тек ылғалды субтропик белдеміне тән топырақ қана жоқ.
Өсімдігі
Қазақстанда интродукцияланған, мәдени дақылға айналдырылған және кездейсоқ әкелінген түрілерін қоспағанда шамаммен 6025 өсімдік түрі бар. Жабайы өсімдіктердің 18 түрі космополит (Антарктикадан басқа құрлықтарда өседі), 285-і голарктикалық түр (Евразия мен Солтүстік Америкада өседі). Бұлардың ішінде 535-і (шамамен 11%-і) тек Қазақстанда кездеседі (эндемиктер). Мұнда бірнеше ботаникалық зона бар. Тау өсімдіктері өздеріне тән биіктік зоналар құрайды. Өзен-көл, батпақ, жайылма, шалғындық, көлтабан өсімдіктері ешқандай зонаға жатпайды.
Су өсімдіктерінің түрі аз (63 гидрофильді түрі). Олардың құрамында барлық космополиттердің жартысы (шылаңдар мен руппияларды қосқанда 9 түрі), 24 голарктикалық түр (сальвиния, тұңғиқ т. б.) бар. Бұлар су өсімдіктерінің 52%-і, яғни ең көне өсімдіктер. Палеоботаникалық тұрғыдан да осылай; шылаңдар туысы (21 түрі бар) бұдан 70-100 млн жыл (бор дәуірінде), сальвиния, жестер, телорез 40-70 млн жыл бұрын болған. Тегі тропикалық, гидрофильді өсімдіктер тобына жататын су өсімдіктері Қазақстан жерінде 25-40 млн жыл бұрын (олигоценде) қаулап өскен.
Батпақ, өзен жайылмасы мен көлтабан өсімдіктерінің 450-ден астам түрі бар. Шалғынды, кейде батпақты жерлерде бидайық, тарғақ, айрауық, шалғын атқонағы, шалғын бедесі, шалғын ноғатығы, кәдімгі бекмания, қамыс, қоға, қияқ сияқты азықтық шөптер көбірек. Олардың топтасуынан өнімділігі әркелкі шабындық қалыптасады.
Шөл зона өсімдігі
Сұр топырақты қырат жерлерді (Оңтүстік Қазақстан) алып жатқан ағаш-бұта құрамында пісте мен (жемісі — кәдімгі пісте) қатар Регель алмұрты, таудаған, тобылғы, қаратау лепидолофасы, тікенекті бадам (бұлардың көпшілігі сирек кездеседі) бар. Талас Алатауы, Қаржантау мен Қаратау бөктерлері селдір орманды, мұнда сары долана, зеравшан аршасы басым. Тақырда өсетін сексеуіл тоғайлары негізінен жапырақсыз аласа (2-8м) «шала ағаш» — қара сексеуілден тұрады. Сексеуіл арасында басқа азықтық өсімдіктер де (жусан, күйреуік, изен, теріскен) аз емес.
Қоңыр және сұр қоңыр топырақты шөл даладағы шала бұта өсімдіктердің арасында ақ жусан, қара жусан, туран жусаны, ал гипсті қоңыр топырақта баялыш көбірек кездеседі. Мұнда түрлі эфемероидтар (әсіресе баданалы қоңырбас пен жуан сабақты қияқ) мен эфемерлер де бар.
Құм топырақты шөл даладағы бұта өсімдіктерінің арасында жүзгін, құм сексеуілі, қоянсүйек, қылша түрлері, жапырақсыз құланқұйрық және түкті жүзгін ағаштары басым. Мұнда бұта тәрізді аласа өсімдіктер (жусан, изен) мен көп жылдық шөптер де (құмерке) көп.
Сор топырақты шала бұта өскен шөл далада сарсазан, бұйырғын т. б. өсімдіктер басым.
Далалық зона
Далалық зонада бөденешөп, қызылбояу, боз, бетеге, қырғыз бетегесі, қылтық бетеге, көде, еркекшөп бітік өседі. Реликт өсімдіктері — сібір бетегесі, ши мен көп тамырлы жуа.
Тау өсімдіктері
Оңтүстік Алтай, Сауыр, Жоңғар Алатауы, Солтүстік және Батыс Тянь-Шань өсімдіктері далалық, ормандық және альпілік белдеулерге бөлінеді.
Оңтүстік Алтай мен Тарбағатайдағы далалық белдеу далалық зонамен ұласып жатыр, бірақ мұндағы өсімдіктерге бадам, майқарағай, тобылғы араласқан. Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шаньда (шөл зона) бетеге, боз шалғын, бидайық (түкті бидайық), арпа (баданалы арпа) тұқымдастары өседі, мұнда итмұрын, қызыл шие т. б. өсімдіктер көп.
Қазақстан тауларында бірнеше орман түрлері бар
самырсын және қарағай ормандары (Алтайда);
жапырақты (Сауыр);
майқарағай (Алтай және Жоңғар Алатауы);
шырша (Алтайдағы сібір шыршасы, Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шаньдағы Шренк шыршасы);
алма ағаш (Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань);
өрік (Солтүстік Тянь-Шань);
шетен (Тянь-Шань);
ақ қайың (Тянь-Шань).
Тау ормандарының мұншама кең алқапта орналасуына, республиканың батысында еменді және қарағашты, ал солтүстүігінде қайыңды және қарағайлы ормандардың бар болуына байланысты ормандар мен орман шалғындарының құрамындағы өсімдіктер Қазақстандағы барлық өсімдіктердін 40%-інен асады. Олардың ішінде 1 космополит (кәдімігі қыранқұлақ), 30-дан астам голарктикалық түр — орман папоротнигі, қауырсын папоротник, усасыр, құлмақ, күреңот, ұртшөп бар. Олар көне заман ормандарынан келіп жеткен реликтілер. Мұндай орман өсімдіктеріне грек жаңғағы, семенов үйеңкісі, лепсі таспасы, тянь-шань цицербитасы, семенов айдаршөбі сияқты аз тараған реликтілер, сондай-ақ «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген қырғыз қайыңы, бекара терегі, Мушкетов түйесіңірі, мыңжылқы усасыр қырыққұлағы сияқты эндемдер айырықша сипат береді.
Альпі белдеулері
Альпіге доңызсырт шабындықтары мен майда шөпті шалғындықтар тән. Бұлардың алғашқысы түкті доңызсырттан, ал Алтайда Белларди доңызсыртынан тарайды. Майда шөпті шабындық құрамында крылов бетегсі, монғол птильагростисі, ал түрлі шөптерден альпі маралоты, таран, сарғыш майдажелек т. б. бар.
Субальпілік шалғындықтар тау белдеулерімен шекаралас жерлерде қалыптасқан. Тянь-Шаньда бұл — крылов бетегсінен, жартас қазтамағынан, кәдімгі манжеткадан құралған шалғындықтар. Тек мысыққұйрықтан тұратын шалғандықтар да кездеседі. Әдетте бұлардың бәрі құнарлы жаздық жайылымдар, шабындық жерлер.
Жануарлар дүниесі
Ұлан байтақ Қазақстан жерінде сүтқоректілердің 172, құстың 485, бауырымен жорғалаушылардың 52, қосмекенділердің 12, балықтың 150-ге жуық түрі бар. Омыртқасыз жәндіктер (насекомдар, шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар т. б.) бұдан да көп. Тек жәндік түрлерінің өзі-ақ 30 мыңнан асады. Жануарлар түрінің осыншалық көп болуы республиканың географиялық орнына, жер бедерінің дамуы мен жануар түрлері қалыптасуының ұзақ та күрделі тарихына байланысты.
Жануарлардың табиғат зоналары бойынша мекендеу і
Орманды дала зонасы. Қазақстанның солтүстігіндегі орманды дала зонасында бұлан, елік, ақ қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекілік, көл айдындарын суқұстары — аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Оңтүстікке қарай созылып жатқан Еділ жағалауынан Алтай таулы бөктеріне дейінгі астық тұқымдас шөп пен жусан, бетеге өскен далада суыр, дала алақоржыны, сүйірбас сұр тышқан, кәдімгі сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ (үлкені, кішісі, жирені), ал құстан — дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, дала трикушкасы, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны мен шабындық құландыны қоныстайды. Көктемнен күзге дейін бұл жерлерде ақбөкен үйірлері жайылады, олар қысқа қарай шөлді аймаққа ығысады.
Далалық зона. Едәуір бөлігін Жайық өзенінің аңғарындағы орман алып жатқан далалық зонаның батыс бөлігін бұлан, елік жайлаған, мұнда европалық қара күзен, жұпар тышқан, орман сусары да кездеседі. Қосмекенділерден Жайық т. б. өзендердің аңғарында тарбақа, орман бақасы кездеседі. Мұнда бұлдырық, сұр кекілік, тырна, бозторғай көп. Сыңсыған қарағай өскен тау сілемдері (Көкше қыраты) бар далалық зонаның орта бөлігінде бұлан, елік, сілеусін, қызыл тоқалтіс сияқты орман тұрғындары, аққоян, ақтиін (Ертіс бойындағы қалың орманда), бұлдырық, қаратоқылдақ, кәдімгі тоқылдақ кездеседі. Далалық зонаның шығысында суыр, дала тышқаны, дала шақылдағы сияқты жануарлармен қатар аққоян, сілеусін, елік, арқар мекендеген.
Шөлейт зонасы. Өсімдік жамылғысы әркелкі шөлейт зонасында- саршұнақтар (кішісі, орташасы, сарысы) мен қосаяқтың, құм тышқан мен толай қоянның бірнеше түрі мекендеген. Мұнда ақбөкен де, қарақұйрық та көптеп кездеседі. Бұл зонада құстан дуадақ, шіл, қылқұйрық, бозторғай т. б. бар.
Шөл зонасы. Республиканың оңтүстігін тау бөктеріне дейін алып жатқан шөл зонада тек осында ғана мекендейтін бірнеше жануар түрлері бар, олар оңтүстікте республика шебінен тысқары шығып кетеді. Қыста қар тоқтап, көктемде қар суы жиналатын Үстірт пен Маңғышылақ жартастарының арасында кездесетін үстірт муфлоны жұтаң өсімдіктермен қоректеніп, ащы суды қанағат етеді. Үстіртте ұзын инелі кірпі, қарақұйрық, шөл сілеусіні — қарақал кездеседі. Сазды және қиыршық тасты шөл дала жануарларынан Қазақстаннан басқа жерлерде кездеспейтін ерекше тұқымдас өкілі — жаламан мекендейді. Ол тек Бетпақдалада, Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы кейбір аудандарда, Алакөл және Зайсан қазаншұңқырында ғана табылған. Солтүстік Балқаш маңындағы бірнеше жерден ғана табылған бесбашбайлы ергежейлі қосаяқ та ерекше хайуан. Ірі жануарлардан осы шөл далада ақбөкен, қарақұйрық қыстайды. Құстан — шіл, қылқұйрық, тырна, жек дуадақ кездеседі. Түк аяқты қосаяқ, үшбашбайлы ергежейлі қосаяқ, құм тышқаны, жіңішке башбайлы саршұнақ, ала жертесер, құм мысығы т. б. құм ішінде тіршілік етуге бейімделген. Оңтүстік Балқаш құмында осы араға тән сексеуіл жорға торғайы, шөл дала жапалағы тіршілік етеді. Құмайтты шөлде бірқатар кесіртке (жұмыр бас, ешкіемер), жылан (оқ жылан, айдаһар, қара шұбар жылан т. б.) түрлері, дала тасбақасы тараған. Өзен-көл аңғарындағы орман-тоғайларда елік, жабайы шошқа, құм қоян, қырғауыл т. б. кездеседі. Балқаш, Сасықкөл және т.б. көлдердің жағалауындағы қалың қамыс арасында бірқазан, жалбағай, аққұтан, көкқұтан, қарақаз, шағала бар. Алакөл айдынынан өте сирек кездесетін, «Қазақстан Қызыл кітабына» енгізілген реликт шағала қоныстайды.
Қазақстанның шығысы мен оңтүстігін қоршап жатқан таулардың жануарлар дүниесі де сан алуан. Қылқан жапырақты Алтай ормандарында бұлан, марал, құдыр, сібір таутекесі, арқар, алтай көртышқаны, қоңыр аю, бұлғын, құну, күзен, барыс, тиін, борша тышқан, алтай суыры, құр, шіл, тундра кекілігі, ақ кекілік, алтай ұлары, кукша, жорға торғай кездеседі. Зайсан қазаншұңқырынан оңтүстікке қарай созылып жатқан тауларда (Сауыр, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) марал, елік, арқар, сібір таутекесі, қоңыр аю, сілесін, барыс, ұзынқұйрық саршұнақ мекендейді. Жоңғар, Іле Алатауы мен Талас Алатауында көкшіл суырдың орнына қызыл суыр және өте сирек кездесетін Менабир суыры жерсіндірілген. Қазақстанның оңтүстік-шығыс тауларында жыртқыш құстардан қозықұмай, тазқара, бүркіт тіршілік етеді. Бұл жерлерге сондай-ақ гималай ұлары, кекілік, ұзақ қарға, шау қарға, қызыл құйрық торғай, аршалық ементұмсық, тау шымшық, көкқұс тән. Жоңғар Алатауындағы кіші-гірім өзендерде жетісу тритоны тіршілік етеді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимі белгіленген мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілері бар жер, су объектілері және олардың үстіндегі әуе кеңістігінің учаскелері.
Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т. б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мүндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.
Табиғат ресурстары
Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүз. рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді. Минералдық шикізат ресурстары еліміздің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Маңыздылығы жағынан олар үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және экон.-саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады: мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары. Екінші топты қаржы түсімін қамтамасыз ететін әрі Қазақстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары құрайды: темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және алтын кен орындары. Үшінші топқа ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары сұранымға ие қалайы, күміс, фосфор, барит кен орындары кіреді. Кен байлықтардың барланған қоры негізінде ондаған мұнай-газ және кентас өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді, олар 70-тен аса әр түрлі минералдық шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді.
Саяси жағдайы
Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзін демократиялы, зайырлы, құқықты және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғары өкілді органы — Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының елордасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика елордасының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың 15 депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды.
Мәжіліс дәрежелі өкілеттілік және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізім негізінде сайланған 98 депутаттардан құралады, және 9 депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.
Президент Үкіметті Мәжілістегі көпшілік алған партия ұсынысымен құрады. Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Премьер-Министр Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар өкімдер шығарады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республиканың Президенті тағайындайды.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады.
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік (мәслихат) және атқарушы органдар (әкімдік) жүзеге асырады.
Сыртқы саясат
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді.
Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға ынталы екендігі оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы
2020 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы жарияланды. Құжатта мынадай басымдықтар негізге алынған:
- үдемелі сипатқа ие және ел дамуының жаңа кезеңінде Тұңғыш Президент – Елбасының сыртқы саяси бағытын жалғастыруға өзінің сабақтастығын сақтайтын елдің ашық, болжамды және дәйекті сыртқы саясаты;
- адам құқықтарын қорғау, гуманитарлық дипломатияны дамыту және қоршаған ортаны қорғау;
- халықаралық аренада экономикалық мүдделерді ілгерілету, соның ішінде инвестициялар тарту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
- халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;
- ең алдымен, негізгі әріптестер – Ресей, Қытай, АҚШ, Орталық Азия мемлекеттері және Еуропалық Одақ елдері, ал көпжақты құрылымдар бойынша – Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және басқа да ұйымдармен өзара тиімді байланыстарды нығайтуды білдіретін өңірлік және көпжақты дипломатияны дамыту.
Қазақстандағы саяси реформалар
2019 жылғы маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Оның негізгі мақсаты – жұртшылық, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен өтетін талқылаудың негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.
2019 жылдың шілдесінде Қазақстан Президенті азаматтардың сындарлы сұрауларына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жария етті.
Сонымен бірге, Қазақстанда балама көзқарастар мен пікірлерді көтермелеу мақсатында басқа партиялардың өкілдеріне кейбір парламенттік комитеттерде төрағалық етуге мүмкіндік беретін заң қабылданатын болады. Саяси партияларды құру үшін тіркеу кедергісі 40 мыңнан 20 мың адамға дейін төмендетіледі.
Қазақстанда бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң қабылданды. Заңда пикет, демонстрация, шеру, митинг сияқты бейбіт жиналыстың негізгі тұжырымдамалары мен нысандарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін концептуалды аппаратты енгізу қарастырылған. Заң ұйымдастырушылардың, бейбіт жиналыстарға қатысушылардың және журналистердің мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін реттейді.
Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында Президент Қ.К.Тоқаев тұлғаға қарсы жасалатын қылмыс үшін қолданылатын жазаны да күшейтті.
Қоғам
Қазақ техникалық мамандары Қазақ Инженерлер Бірлестігі ұйымына біріккен.
Мереке және демалыс күндер
Экономикасы
Тәуелсіздік кезеңінде Қазақстанға әлемнің 120-дан аса елінен 330 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылды.
Дүниежүзілік Банктің «2020 жылғы бизнес жүргізу» есебінде Қазақстан әлемде 25-ші орынға ие болды және миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша әлемдегі ең үздік ел атанды.
Қазақстанның ЖІӨ 179,332 млрд. АҚШ долларын құрайды және жылдық өсім қарқыны 4,5%- ға тең. Қазақстанның ЖІӨ жан басына шаққанда 9 686 АҚШ долларын құрайды.
Қазақстан Қытай мен Қатардан кейін ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығының ең серпінді 25 экономиканың арасында үшінші орынға ие. Қазақстанның әлемдік саудадағы рөлі мен жаңа Жібек жолындағы орталық орында орналасуы елге миллиардтаған адамға өз нарықтарын ашуға мүмкіндік берді. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына 2015 жылы мүше болды.
Қазақстан экономикасының әлемдік экономикадағы үлесін анықтаудың негізгі көрсеткіші — елдің халықаралық саудадағы үлесіне қарап анықтауға болады. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы жылдан жылға өсіп келеді: 1995 жылы $9 млрд болатын болса 2008 жылы $109 млрд болды. Негізгі өсім мұнай өндіру және металлугрия саласыныңеншісіне тиесілі. Экспорт өндірілетін өнім көлемінің өсуіне жәнебағаның қымбаттауына байлнысты.
Ал импорттың өсуі тиісінше өнімді өндіруге қажетті машиналар мен жабдықтарды сатып алудың нәтижесінде өсті.
2009 жылы сыртқы сауда айналымы 34%-ға төмендеп кеттті, оның негізгі себепшісі мұнай мен металл бағасының төмендеуі. Дегенмен, 2010 жылдан бастап бағалардың қайта өсуіне байланысты қарқынды даму байқалды, Нәтижесінде экспорттық-импорттық операциялар көлемі $137 млрд. құрады. Экспорт ($92 млрд) иморттан екі есе көп болды ($45 млрд).
Экспорттың 75% — минералды ресурстар, ең үлкен бөлігі мұнай, газ, көмір, уран сияқты пайдалы қазбаларға тиесілі. Қалған 13% — металлдар және 3,4% — ауылшаруашылық өнімдері құрайды (негізгісі бидай), 4,2% — химия өнеркәсібінің өнімдері. Негізгі өндіретін тауар — өңделмеген табиғи қазбалар құрайды. Қазақстан әлемдік сауда нарығында табиғи ресурстарды қамтамасыз етуші ретінде қызмет етеді.
Қазақстан дүинежүзілік сауда ұйымына 2015 ж. 22 маусымда мүше болды.
Қазақстанның сыртқы экономикасы
Қазақстанның сыртқы экономикасы әлем елдерімен экономикалық, сауда, валюта, ғылыми-техникалық, мәдени және басқа да қатынастарды қамтып отыр. Бұл сала субъктілері сыртқы экономикалық қызметтерге байланысты меншік түрі бойынша тәуелсіз елімізде тіркелген Қазақстанның немесе шет мемлекеттердің заңды немесе жеке тұлғалары болып табылады. Сыртқы экономика саласында басты және маңызды орында сауда саласы. Соңғы жылдарда қазақстаннан экспортталатын тауардырдың үлесі үш есеге өсті. Оған бірнеше факторлар себепші болып отыр. Қолайлы инвестициялық жағдайлардың жаалуы тікелей шетелдік қомақты инвестициялардың тікелей ағылып келуіне себепші болды, оның негізгі бөлігі еліміздің мұнай өндіру саласына жұмсалады. Біріншеден, бұл өз кезегінде мұнай мен газ конденсатын өндіруді қарқынды дамытты. Екіншіден, дүниежүзілік тауар нарығындағы көмірсутектер шикізатын сату шартының қолайлылығы экспорт әлеуетінің өсіне жағдай жасады. Дәл осылай деп тау-кен металлургия сала-соңғы оң жыл көлемінде жалпы қазақстандық экспорт және қызмет көрсету үлесінің көбеюі, әлемдік сауданың дамуымен салыстырғандағы оның қарқынды дамуы мен көлеміне байланысты болып отыр.
Қазақстандығы тауар экспорттау динамикасының деңгейінің өсуі оның жоғары, екпінді дамуын көрсетеді. Орташа есеппен он жыл ішінде тауар экспорттау төрт есеге өссе, импорт үш жарым есеге өсті. Әлемдік деңгеймен салыстырмалы түрде қарағанда еліміздің макроэкономикалық көлемі жоғары емес. Осыған қарамастан Қазақстанның сытрқы экономикалық саласын болащақта дамытуына орасан зор шамасы бар. Атап айтқанда, бүгінде 500-ден астам кен орындары барланып, минералды шикізаттың 1220 түрінің барлығы анықталған. Осылардың көпшілігінен біздің еліміз дүние жүзі бойынша алдыңғы орында. Осылайша, Қазастан барланған цинк, вольфрам және барит қорларын әлем бойынша бірінші орында болса, күміс қорғасын және хромит қорынан екінші орында, мыс, марганец, флюорит бойынша үшінші, молибден қорынан төртінші, сонымен қатар алтын қоры жөнінен алдыңғы қатардағы он елдің қатарында.
Елімізде темір рудасы әлемдік қордың 8 пайызын, уранның жобамен 25 пайызын құрайды. Қазақстан мұнай қорын барлаудан әлемдегі он елдің қатарында.
Ғаламдық қаржылық — экономикалық тоқырау республикамыздың сыртқы экономикалық саласына кері әсерін тигізді.
Энергетикасы
Мәдениет және қоғам
Білім беру жүйесі
Бұқаралық ақпарат құралдары
Әлеуметтік саласы
Қарулы күштері
Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердің түрлерін, арнайы әскерлерді, тыл, әскери оқу орындары мен ғыл. мекемелерді қамтиды. Соғыс уақытында құрамына қорғаныс мин-не қарайтын әскер түрлерінен басқа Ішкі істер мин-нің ішкі әскерлері, Ұлттық қауіпсіздік к-тінің шекара қызметі және басқа да әскерлері, респ. “Ұлан”, азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кіреді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басты мақсаты — елдің егемендігін, аумағының тұтастығын, экономикасын, мемл. ин-ттары мен азаматтарын соғыс қатерінен қорғау, жаугершілік немесе әскери қақтығыстар туғызудың алдын алу, Қазақстанның орнықты дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу.
Республика Қарулы Күштеріне бейбіт кезеңде мынандай негізгі міндеттерді орындау жүктелген
әскери күшті, жауынгерлік даярлықты қамтамасыз етіп, басқару органдары мен әскерлерді ел ішіндегі қақтығыстарды,
Қазақстан Республикасының мемл. шекарасында немесе аум-ның шегінде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетуді тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау;
әуе кеңістігін күзету, сондай-ақ, мемл. шекараның жедел-стратег. тұрғыда маңызды өңірлерін жабу;
маңызды әскери нысандарды күзету;
елдің кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөніндегі батыл іс-қимылға әзір болу;
халықаралық міндеттемелерге сәйкес бітімгершілік және өзге де операцияларға қатысу.
Бұл міндеттерді орындауды Қарулы Күштер Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз іс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік к-тінің шекара қызметіне құрлықта, теңізде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемл. шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестікке (террорға), қару мен есірткі саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 23 қарашадағы 1579 қаулысына сәйкес елімізде Оңт., Батыс, Шығыс, Орт. әскери округтері құрылған. Оңт. әскери окуругінің қорғайтын жер аумағына: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары кіреді. Округтің орт. штабы Тараз қаласында. Шығыс әскери округі қорғайтын жер аумағына: Шығ. Қазақстан, Павлодар облыстары кіреді. Округтің орт. штабы Семей қаласында. Батыс әскери округінің қорғайтын аумағына: Ақтөбе, Атырау, Бат. Қазақстан, Маңғыстау облыстары кіреді. Округтің орт. штабы Ақтөбе қаласында. Қазақстанның қалған облыстары Орт. әскери округіне қарайды. Орт. штаб – Қарағанды қаласында.
Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерістерге (экстремизм, шекараға таяу жерлерде әскери қақтығыстардың өршуі, жаңадан ядр. мемлекеттер пайда болуы, т. б.) ұшырауда. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери доктринасы орташа мерзімді кезеңге есептеліп жасалған (1999–2005) қорғаныстық сипатқа ғана ие. Ол әлемдегі және аймақтағы әскери-саяси жағдайды кешенді бағалауға, мемлекеттің экон. болмысы мен материалдық қорының мүмкіндіктеріне сүйенеді. Доктрина Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі стратегиясының негізгі ережелерін нақтылайды және шабуыл жасалған жағдайда елдің қорғанысын ұйымдастыруға, ұжымдық әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі одақтас мемлекеттермен бірлескен күш-жігерді үйлестіруге бағытталған.
Қызықты деректер
Қазақстанда 19 миллионнан астам адам, шамамен 130-дан астам этнос тұрады. Оның 48,71 % — ерлер, 51,29 % — әйелдер. Қазақстан халық саны бойынша әлемде 64-орында.
Қазақстанның аумағы Азия мен Еуропада орналасқан. Жер көлемі — 2,7 миллион шаршы шақырым. Дүниежүзінде 9-орында тұр. Қазақстанның территориясына 3 Түркия, 5 Франция немесе 7 Жапония сиып кетер еді.
Қазақстанда екі сағаттық белдеу бар, климаты — күрт континенталды. Ауа температурасы -45-тен +45 градусқа дейін болады.
Қазақстан – табиғи ресурстарға өте бай мемлекеттердің бірі. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы қазақ жерінен табылған. Мұнай қоры бойынша Қазақстан әлемдегі 20 жетекші елдің қатарына кіреді. Ал газ қоры бойынша 30-орынға, алтын қорлары бойынша әлемде 15-орынды, ураннан екінші орынға тұрақтаған.
Қазақстан өз еркімен күштілігі жағынан әлемде төртінші орында тұратын қарудан бас тартып, әлемдегі ең ірі ядролық тәжірибелер полигонын жапты. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылды.
Астана қаласы әлемнің ең жас астанасы болып есептеледі. 1998 жылы ЮНЕСКО бас қаланы «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады. Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді. Ал 2012 жылы елордаға «ТМД мен Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесі берілді. 2019 жылдың наурыз айынан бастап қала атауы Тұңғыш Президенттің құрметіне Астана деп өзгертілді.
Әлемдегі ең биiк түтiн мұржасы Қазақстанда (Екібастұз қаласында) орналасқан. Оның биiктігi — 420 метр. Ол Эйфель мұнарасынан 100 метр биік.
Байқоңыр – әлемдегі бірінші және ең үлкен ғарыш айлағы. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан тұңғыш рет адамзат ғарышқа ұшқан. Ол Қазақстан жерінде Төретам кентіне жақын ауданда орналасқан. Көлемі 6717 шаршы шақырым.
Медеу — әлемдегі ең биік орналасқан жасанды мұз айдыны. Мұнда 170 әлемдік рекорд орнатылған. «Медеу» атауы ХІХ ғасырдың соңында өмір сүрген қоғам қайраткері Медеу Пұсырманұлының құрметіне берілген.
Қазақстанда 3,8 млн жеңіл көлік тіркелген (2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша).
Орталық Азиядағы ең үлкен театр Қазақстанда орналасқан. «Астана Опера» театрын 33 елдің мамандары үш жыл салды.
Қазақстан – қызғалдақ пен алманың отаны. Ал жылқы алғаш рет (б.д.д 4 мыңыншы жылдарда) Қазақстанда қолға үйретілген.
Қазақстанның төл валютасы қатарынан үш рет 2011, 2012 және 2013 жылдары дүниежүзіндегі ең үздік қағаз ақша ретінде танылды. Алғашқы қазақстандық ақшалар Лондонда шығарылды.
Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанға әлемнің 120-дан астам мемлекеті 370 млрд доллардан астам инвестиция құйды (2022 жылғы деректер бойынша).
Әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара — Қазақстан мен Ресей шекарасы (7591 шақырым).
Қазақстанның екі ескерткіші ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұрасының қатарында. Олар – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Таңбалы петроглифтері.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі
Президенттің ресми торабы
Парламенттің ресми торабы
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
Үкiметтiң ресми торабы
Қазақстан Ашық Тізімдеме Жобасы (ODP)
Қазақстан Республикасының онлайн заңнамасы
Қазақстанның ресми статистикасы
Қазақстанның бірінші ақпараттық порталы
Посткеңестік елдер |
Шымкент — Қазақстандағы қала, Республикалық маңызы бар қала, 2018 жылдың 19 маусымына дейінгі Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы.
Қалада 1 121 809 адам тұрады (1 қазан 2019). Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда тұрғыны жөнінен 3-ші орында. Осымен қатар, Шымкент Қазақстанның негізгі өнеркәсіп, сауда және мәдени орталықтарының бірі болып табылады. Шымкент қаласы ТМД-ның 2020 жылғы мәдени астанасы мәртебесіне ие болды.
Этимологиясы
Ғалымдар Шымкент туралы кездесетін әр түрлі тарихи деректерді атай отырып, қала атауының мағынасын «бау-бақшалы қала», «Жасыл қала», «Шыммен қоршалған қала» — деп түсіндіреді. Мысалы, шымға қатысты қала атауы былай деп түсіндіріледі: Шымкент түркінің «Шым» және иранның «Кент» — қала, мекен деген сөздерінен құралған. Ал басқа түсіндірмеде қала атауы соғдының (иранның) «чиминь-чемень» яғни, көгалды, гүлденген алқап, ал бұған «Кент» сөзінің жалғануымен, «жасыл (гүлденген) қала» деген мағынаны білдіреді.
Тарихы
Осы уақытқа дейін ғалымдардың көпшілігі қазіргі Шымкент қаласының аумағындағы қоныс мекендер XI−XII ғасырларда болған деген гипотеза болатын. Сонымен қатар Шымкенттің бұдан да ертеректе пайда болғаны жөнінде болжам бар. Бұған дәлел — археологиялық қазбалар мен құрылыс барысында табылған қабырлардың жерлеуші, мамандардың болжамы бойынша, біздің эрамызға дейінгі V-VІ ғасырларға тән.
Өткен ғасырдың басындағы қала қамалы болған жерде жақында бір еркек пен әйелдің мәйіті табылды, және ол зороастрлық салтпен жерленгендігі анықталып отыр, олай болса бұл мәйітке 1500 жыл. Бірқатар археолог-ғалымдардың пікірлері бойынша, бұл жерде үлкен қорым болған, егер бұл расталса, онда қаланың пайда болған мерзімі қайта қаралуы мүмкін. Біздің заманымызға жеткен жазба деректерде Шымкент алғаш рет елді мекен ретінде парсы тарихшысы Шараф ад-Дин Әли Йаздидің (1425 ж.) біздің жыл санауымыз бойынша 1365-1366 жылдардағы Әмір Темірдің әскери жорық-тары туралы жазған «Зафар Наме» атты («Жеңіс кітабы») кітабында кездеседі.
Қандай болғанда да, қала ескі заманнан-ақ адамдардың өмір сүруіне қолайлы мекен болған. Оған ежелгі қоныстарға жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған мәдениет мұралары дәлел бола алады. Тау етегінде өзен бойындағы алқаптарда егіншілік пен жүзімдік, ал көгалды таулы жайылымдарда — мал шаруашылығы дамыған.
Көне Шымкент
Шымкент қаласының аймағы жүздеген жылдар бойы көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болған. Қала бірнеше рет басқыншылардың жойқын шабуылдарына ұшыраған. Шыңғыс хан жорықтарға жасақтарымен қала арқылы өтіп, ақырында Шымкент Шыңғыс хан ұрпақтарының қол астына өткен. Ақ Орда және Алтын Орда хандары жүргізген соғыстардың нәтижесінде қала Әмір Темірдің қол астына кіреді. XV ғасырдың басынан Шымкент XVIII ғасырдың жартысына дейін Жоңғар шапқыншыларының тонауына ұшырайды. Сансыз соғыстар мен өзара тартыстар жергілікті халықтардың өміріне қайғы-қасірет әкелгенімен, Сайрам оазисі-жер өңдеу мен бау-бақша және қол өнері өркендеген аймақ болып қала берді.
XVII ғасырда және XIX ғасырдың бірінші жартысында Шымкентті билеп алу мақсатында Қоқан және Бұхара хандықтары күрес жүргізді. 1810-1864 ж.ж. Шымкент Қоқан хандығының билігіне өтіп, хан өкілінің резиденциясы болды. Мұнда Қоқан әскерлерінің саны жағынан үлкен гарнизоны тұрақтап, қала негізінен әскери қамал ретінде пайдаланылды. 1864 жылы қала орыс әскерлерінің тіке шабуылымен алынды. Қазақстан мен Орта Азияның Ресейге қосылуы аяқталған соң, Шымкент Жаңақоқан бағытының құрамында болып, соңынан Түркістан уезіның, ал 1867 жылдан Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Сырдария облысының уездік қаласы болды. Осы кезден бастап Шымкент Еуропалық Ресей мен Батыс Сібірді Орта Азиямен жалғайтын, маңызды транзиттік мекенге айналды. XIX ғасырдың соңында қалада сауда-саттық дамыған: 19 мануфактуралык, 70 ұсақ-түйек дүкені, 50 шайхана, 10 керуенсарай, 9 тамақ-тандыру орны, 27 ұн дүкені, ал XX ғасырдың басында — 3 май шайқататын, 5 тері илейтін, 15 кірпіш шығаратын, 26 диірмен, 4 мақта тазалайтын, ұсақ өнеркәсіп, 15 ұстахана және 15 сабын қайнататын өндіріс орындары бар үлкен өнеркәсіп қалаға айналды.
Қала экономикасының дамуында 1883 ж. ашылған дәрі-дәрмек өндіретін сантонин (кейінгі «Химфарм» АҚ химия-фармацевтикалық зауыты) зауыты маңызды рөл атқарып, оның өнімдері экспортқа шығарылатын. Шымкент сантониносының сапасы өте жоғары болды, сондықтан ол ішкі нарықта үлкен сұранысқа ие болды. Оңтүстік Қазақстанның табиғи-климаты дермененің өсуіне қолайлы, ал дермене сантонино өндіріс жершарында өте сирек кездеседі. Сондықтан да Шымкенттің алғашқы және қазіргі таңбасында (герб) дермене бұтақшасы бейнеленген.
1914 жылы Қазақстанның Ресей империясына қосылуының 50 жылдығына орай қалаға орыс генералы Черняевтің есімі берілді, бірақ 1921 жылы қала Шымкент атауына қайта ие болды. XX ғасырда қала тарихының жаңа кезеңі басталды. Қала халқы елдегі үлкен өзгерістер нәтижесінде жаңа жетістіктерге жете бастады. Қалада жаңа өндіріс орындары салынып, оқу орындары мен ғылым, мәдениет ошақтары ашылды. Қала келбеті жаңа тұрғын үйлер, гүлзар, көшелері, саябақтарымен ажарлана түсті. 30-шы жылдары Шымкентте қорғасын зауыты салынды. Бүл алып өндіріс орны КСРО-дағы өндірілетін қорғасынның 70%-н беріп отырды. Қалада май комбинаты, шұлық және айна фабрикалары іске қосылды. 1932 жылы ауылшаруашылық авиациясының базасы құрылып, бұл Шымкент әуежайының негізін қалады.
Ұлы Отан соғысы жылдары Шымкент қаласы КСРО-дағы маңызды қалалардың біріне айналды. Соғыс жүріп жатқан аймақтардан бұл жерге елдегі бірқатар өндіріс орындары, 17 зауыт пен фабрикалар көшіріліп әкелінді. Қала танктерге қажетті қосалқы бөлшектер, снарядтар, металл, қорғасын, оптикалық қүралдар және басқа да өнімдерді өндірді. Шымкентке өсімдіктер ғылыми-зерттеу институты және Харьковтегі авиация училищесі көшірілді. Ұлы Отан соғысы жылдары майдан даласында ондаған мың шымкенттіктер жаумен шай-қасып, 7 жерлесімізге Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
Соғыстан кейінгі 50-80-інші жылдары экономика дами бастады. Қалада жаңадан ірі кәсіпорындар құрылды. Олардың ішінен мақта-қағаз комбинаты, қаракөл, цемент, гидролиз зауыттары, «Восход» тігін фабрикасы, металлқұрастыру және тұрғын үй құрылысына қажетті материалдарды өндіретін кәсіпорынды, «Электроаппарат» зауыты, ал, тамақ өнер-кәсібінен ет, сүт, сыра, салқындатылған сусындарды шығаратын кәсіпорындарды атауға болады. Химия өнеркәсібі жедел дамыды. Шымкентте фосфор, шина және мұнай өңдеу сияқты алып зауыттар салынып, Омбы-Павлодар-Шымкент мұнай құбыры тартылды. Тұрғын үй салу қарқындап жүріп жатты. Жаңа мөлтекаудандар, көшелер, даңғылдар, саябақтар, скверлер пайда болды. Білім беру, медицина және мәдениет мекемелерінің саны өсіп, спорттық-сауықтыру кешендері салынды. Жаңадан салынған демалыс кешені құрамында дендробақ, зообақ, жасанды көл және ипподром бар.
Қала эмблемасы
Халқы
Шымкент қаласы халқының саны:
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
Алғаш рет қаланы аудандарға бөлу 1945 жылы енгізілді. Сол кезде Центральный, Железнодорожный және Заводской әкімшілік аудандары құрылды..
КСРО-ның тарауы қарсаңында 1989 жылғы Бүкілодақтық халық санағы мәліметтері бойынша қала 3 ауданнан тұрған: Абай, Еңбекші, Дзержинский (кейінірек Әл-Фараби болып өзгерген).
Қазіргі таңда Шымкент 5 әкімшілік ауданнан тұрады: Абай, Еңбекші ауданы, Әл-Фараби ауданы, Қаратау ауданы және Тұран ауданы.
Экономика және бизнес
Шымкент – инфрақұрылымы жақсы дамыған, Қазақстанның жетекші өнеркәсіп және экономикалық орталықтарының бірі. Қалада түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібін дамытып отырған 69 өнеркәсіптік кәсіпорын бар.
Мұнай, химия және фармацевтика өнеркәсібінде «Петро Казахстан Ойл Продактс» АҚ (мұнай өңдеу), «Интеркомшина» (доңғалақ өңдеу), «Химфарм» (дәрі-дәрмек ендіру) сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істеуде. Ал, металлургияда «Южполиметалл» АҚ (қорғасын және т. б. өнімдер), машина жасауда «Карданвал» (автомобильдер мен тракторларға қажетті қосалқы бөлшектер өндіру), «Южмаш» (ұсталық пресс машиналарын, қосалқы белшектер және қүрал-жабдықтар өндіру), «Электроаппарат» (қуатты электр қосқыштары және т. б. өнімдерді өндіру) кәсіпорындары бар.
Жеңіл өнеркәсіпте алдыңғы қатардағы кәсіпорындарға – «Восход» фабрикасы (жүннен костюм, пальто, күртке тоқу), «Адал» (тоқыма өнеркәсібі), «Эластик» (шүлық тоқу) жатады. Құрылыс материалдарын өндіруде «Шымкентцемент» АҚ (цемент өндіру) және "Құрылыс материалдары" (құрылысқа қажетті кірпіштерді өндіру) және басқа да кәсіпорындар бар.
Тамақ өнеркәсібін өндіретін ірі кәсіпорындардың ішінен «Шымкентмай» және «Қайнар» (мақта шитінен, күнбағыстан зығыр, соядан тазартылған май шығаратын және т. б. өнімдер), «Шымкентпиво» (сыра өндіру), «Визит» (салқындатылған сусындар) акционерлік қоғамдарын атауға болады. Сонымен қатар, қала шаруашылығында өздерінің дамыған бизнесімен және сапалы өнімдерімен көзге түскен түрлі саладағы фирмалар жұмыс істеп келеді. Коммуналдық қызмет жүйесі: қалалық және қала-аралық көліктер даму үстінде.
2002 жылдың қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының жеке қаржысымен үй салу жағынан Астанадан кейінгі қатардан көрінді (республика көлемінде 17 %). Тұрғын үй салумен қоса, жаңа кәсіпорындардың қүрылысын салу қарқынды түрде жүріп жатыр. Кейбір компаниялар жарамсыз қалған ескі ғимаратттардың орнына сәулетті де, сәнді тұрғын үйлерін салуда.
Қалада 2000 жылға дейін болған қонақтар Шымкенттің көркейіп келе жатқанына таңғалып, тамсанады. «Қала келбеті саябақтар, скверлер, демалыс орындары және сәнді ғимараттармен ажарланып келеді. Мұнда іссапармен келушілер бизнеске қатысты мәселелерді сәтті шешумен қатар, бос уақыттарын да қызықты өткізе алады» – деп жылы лебіздерін білдіреді.
Шымкент қаласының өнеркәсіп өнімі 2018 жылмен салыстырғанда 15 пайызға өсті. Ауыл шаруашылық өнімі 6,3 пайызға, тұрғын үй құрылысы 19,2 пайызға, ал, бөлшек сауда 7,1 пайызға артты.
Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында Шымкентте 3 жылда 24 кәсіпорын ашылып, 1300 тұрақты жұмыс орны пайда болды.
Қалада 2 индустриалды аймақ тиімді жұмыс істейді. Қазіргі таңда, 64 млрд.теңге инвестициялар тартылып, 72 жоба іске қосылды, 4 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.
Инвестициялық әлеуеті
2019 жылдың соңында Шымкент қаласының экономикасына 194,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. 2019 жылы қалада жалпы құны 25,6 млрд.теңгеге 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, жаңа 420 жұмыс орны ашылды. Қалада 2 индустриалды аймақ бар (Оңтүстік - 337 га және Тассай - 89 га). Индустриалды аймақтарға бөлінген жердің жалпы ауданы 426 га құрайды.
Шымкентте жалпы құны 33 млрд. теңгені құрайтын алты инвестициялық жобамен көліктік-логистикалық аймақ құру жобасы жүзеге асырылуда. Жалпы жер көлемі 92 га құрайды.
Қалаға инвесторларды тарту мақсатында ауданы 306 гектар болатын «Жұлдыз» атты жаңа индустриалды аймақ құрылуда. Бірінші кезеңде 76 га (2020–2021), екінші кезеңде - 230 га (2021–2022) жер игеру жоспарлануда.
Сонымен қатар, әлеуетті инвесторларды қосымша ынталандыру мақсатында аумағы 136 гектар болатын Шымкент агроөнеркәсіптік аймағын құру процесі басталды, онда көтерме және бөлшек сауда қоймалары мен ауылшаруашылық кәсіпорындары орналасатын болады. Құны 8 млрд. теңге болатын 6 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Сондай-ақ, қалада 427 гектар аумақта «Шымкент сити» қала құрылысы бойынша арнайы экономикалық аймағын құру жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске асыру барысында «Highvill» (Оңтүстік Корея), «Kinder World» (Сингапур), «Eryapi» (Түркия) компанияларын тарту көзделген. Жоба аясында қала экономикасына 1,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция тартылатын болады. Жоба қаланың 50 мың тұрғынын баспанамен қамтамасыз етуді көздейді.
Қаланың БАҚ-ы
«Оңтүстік Қазақстан» сондай-ақ, орыс және өзбек тілдерінде шығады Газет сайты
«Шымкент Келбеті» қалалық қоғамдық-саяси газет, Газеттің Шымкент бизнес-порталындағы мұрағаты
«Рабат» облыстық апталық қоғамдық газет, Газет сайты
«Замана» газеті Газет сайты
«Шара-Бара» апталық жарнама газеті Газет сайты
Өнер және мәдениет
Қалада жүзеге асырылып жатқан мәдениет саясаты Оңтүстік Қазақстанда жасайтын ұлттық мәдени-полиэтникалық қоғамдардың қалыптасқан мәдениетін, салт-дәстүрлерін, достықты, татуластықты жандандыруға бағытталған. Шымқалада қазақ, славян, өзбек, башқұрт, татар, неміс, еврей, корей, әзірбайжан және басқа, барлығы 16 ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істеуде. Олардың белсене қатысуы және қолдауымен ұлттық саясат және тұрғындардың бос уақытын ұтымды ұйымдастыру мәселелері оң шешімін тауып келеді.
2002 жылы Шымкентте «Ардагерлер аллеясы» қайта жандандырылды. Қалада 8 саябақ пен сквер жұмыс істейді. Олардың үшеуінің негізі XIX ғ. ортасы мен XX ғ. басында қаланған. Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония жемісті жұмыс істеуде. 3 мәдениет сарайының залдары ешқашан да бос болмайды. Үш кинотеатрда қазіргі заманның фильмдерін тамашалауға болады. Қангүй мемлекеті дәуірінің бірегей экспонаттары облыстық өлкетану мұражайында қойылған. Қалада 28 кітапхана бар.
Облыстың мәдени өміріндегі атаулы оқиға – 1967 жылы қазақ және орыс драмалық театрлары ғимаратының құрылысы. Ол жерлерде ҚазКСР халық әртістері Айша Абдуллина, Жұмабике Серікбаева жұмыс істеген. 60-80 жылдары ақын Омарбай Малқаров, халық ақындары Көпбай Омаров, Әселхан Қалыбекова, жазушылар Әбжапар Жылқышиев, Нәмет Сүлейменов, Уәлихан Сүлейменов, Ханбибі Есенқараева, Олег Постников, Юрий Кунгурцев, Мархабат Байғұт шығармашылық шарықтау кездері. Қазақ театрлық өнерінің негізін қалаушылар халық әртістері Хадиша Бөкеева, Ғайни Хайруллина, Құрманбек Жандарбеков, ақын әрі қоғамдық қайраткер Мұхтар Шаханов, композитор Шәмші Қалдаяқов, жазушылар Фёдор Чирва мен Жұмабек Еділбаев біздің жерлестеріміз.
Абай атындағы мәдениет және демалыс саябағы, аквабағы, техносаябағы, «Кең-баба» этнографиялық саябағы, «Nimex Land» пен «Бамзик» ойын-сауық орталықтары балалар мен үлкендердің сүйікті демалыс орындарына айналған. Әрине, қаланың солтүстік бөлігін дендробақ, зообақ, ипподроммен байланыстыратын ұзындығы 6 шақырымдай балалар темір жолының алатын орыны айрықша.
Қала аумағындағы көне қалашық пен қамалдарда археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, қала тарихы жөнінде кешен жасау қолға алынып отыр. Қалада көрнекті ғалым, мәдениет, спорт майталмандары мен халық батырларына ескерткіштер орнатылған. Облыс және қала өз жерлестерін мақтан тұтады. Мұнда тілтанушы, мүше-корреспондент М. Балақаев, геология ғылымдарының докторы П. Тәжібаева, түркітанушы, академик С. Кеңесбаев, филология ғылымдарының докторлары Қ. Бектаев пен А. Байтанаев, академик Т. Тәжібаев туған.
Туризм және демалыс
Шымкент ежелден-ақ саяхатшылар мен ғалымдардың назарын өзіне аударған. Қала Түркістан облысының әкімшілік орталығы болғандықтан, аумақтың түкпір-түкпіріне апаратын барлық туристік бағыттар заңды түрде осы жерден басталады. Қалада жиырма арнайы мамандандырылған фирмалар мен мекемелер туристік қызмет көрсетумен айналысуда.
Туристік бағыттар тарихи орындар мен экзотикалық аудандарға бару, аң-құс пен балық аулау, тау туризмі секілді салаларды қамтиды. Оңтүстік Қазақстан өңірінде калың жұртшылық зиянат жасайтын Ислам дінінің қасиетті орындары мен сәулеттік құрылыстары жеткілікті десек жаңылыспаймыз.
Өлкенің тарихи құндылықтары мен зиянат ету орындарына барудағы алғашқы қадам, екінші Мекке атанған-тарихи Түркістаннан басталады. Мұнда түркі халықтарының рухани астанасы, көне дәуірдегі өркениет орталыктарының бірі ретінде ЮНЕСКО-ның тізіміне енген, әлемге танымал тарих және мәдениет ескерткіштері мол қасиетті қалаға барып, әулие-әмбиелергетәуету мүмкіндігі жасалған. Шымкент шаhарының пайда болуына өзіндік үлесін қосқан көне Сайрам каласы Ұлы жібек жолының бойындағы басты сауда және қолөнер орталығы болған Отырар қалашығы. Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан-баб кесенелері мен басқа да құндылықтар туристер жүрегінде терең әсер қалдырады.
Тянь-Шань сілемдері мен Қызылқұм шөлінің арасында орналасқан Оңтүстік Қазақстанның бірегей аумақтық жағдайы бір күннің ішінде қар жамылған таудан қыздырылған құмға ойысуға мүмкіндік жасайды. Осыдан келіп бір облыстың өзінде сан алуан: заңғар таулық, далалық, қүмдық , және жартылай құмдық табиғи-климаттық аймақтарға бөлініп, онда аң-қүс пен өсімдіктің түр-түрін кездестіре аласыздар. Аумағы 100 мың шаршы шақырым жерден қар барысы, аю, дала түлкісі-қарсак, тау ешкісі мен шөлейттерде жасайтын жайран, тағылан, борсық, Гималай ұлары мен дуадақты кездестіру — әлемде сирек болатын жайт.
Осы аумақтағы табиғаттың қайталанбас інжу-маржандарының бірі - Орта Азиядағы байырғы қорық - Ақсу-Жабағылы болып табылады. Батыс Тянь-Шань сілемдерінде орналасқан оның теңіз деңгейінен биіктігі 1000 метрден 4280 метрге жетсе, көлемі 75043 гектарды алып жатыр. Қорықтың ландшафты әдемі, ауқымды әрі ғылым мен өнер үшін баға жетпес қүндылыққа ие. Мүнда көне дәуірге тән өсімдік пен жануарлардың көптеген түрі бастапқы қалпында сақталған. Қасқабүлақ тауының тас қатпарларына ата-бабаларымыз салып кеткен көне кескін, бейнелердің ғалымдар мен туристер үшін айрықша қызығушылық туғызатыны анық.
Аталмыш аумақтағы рекреациялық қорға бай экзотикалық орындар катарына Қаратау бөктеріне жақын жайғасқан Қызылкөл, табиғаты ғажайып «Бадам» шатқалындағы «Қырыққыз» туристік базасы мен Батыс Тянь-Шань сілемдеріндегі «Ақмешіт» және «Біркөлік» демалыс аймақтары, «Сайрам-су» шатқалындағы «Альтекс» спорт кешені, Машат өзеніндегі шатқал, Шардара су қоймасы, емдік минералдық бүлақ суы бар Сарыағаш ауданының шипажай аймағы және т.б. жатқызамыз.
Ойын-сауықтық, мәдени және боулинг орталықтары, бильярд клубтары, жоғары дәрежедегі қонақ үй сервистері, күн талабына сай дәмханалар мен мейрамханалар, ғажайып қалалық демалыс аймағы, туристер мен демалушыларға мінсіз қызмет көрсетуге әзір. Бұған көне де, мәңгі жас Шымқала түрғындарының ақкөңіл, ақ жарқын жүздері мен қонакқжайлылығын қосыңыз.
Спорт және денсаулық
Қаладағы 100-ге жуық спорт залдар, 7 стадион, 5 жүзу бассейні, 3 спорт кешені, жеңіл атлетикалық манеж көпшіліктің игілігіне қызмет көрсетуде. Бізден есімдері әлемге әйгілі талай чемпиондар шыққан. Келешекте 4 олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жас өспірімдердің мамандандырылған спорт-мектебі мен жекеменшік спорт секциялары, клубтары талай чемпиондарды дайындап, шығаратынына күмәніміз жоқ. Қалалық ипподромда балалардың ат спорт мектебі жұмыс істейді.
Шымкент қаласының тұрғыны бола отырып, атақты қазақстандық спортсмен, бірнеше дүркін Еуропа мен әлем чемпионы, гимнастшы Нелли Ким бес олимпиядалық медаль жеңіп алып, әлем спортының аңызына айналды.
Шымкентте облыстық және қалалық бағыныстағы бірқатар ауруды алдын-алу мекемелері жұмыс істейді. 21 стационарлық аурухана мекемесі (15 аурухана мен 6 диспансер), 19 дербес ауруханалық-емханалық мекеме, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, жедел медициналық жәрдем стансасы тұрғындарға қызмет көрсетуде.
Бұған Ана мен бала денсаулығын қалпына келтіру, салауатты өмір сүру, медицина және апат, қан қүю, диагностика және кардиология орталықтары, балалар үйі, «Қарлығаш» шипажайы, дезинфекциялык станса, басқа да мемлекеттік және жекеменшік медицина мекемелерін қосуға болады. Медицина Академиясы мен медициналық колледжде жоғары білікті оқытушылар, соның ішінде медицина саласына еңбегі сіңген денсаулық сақтау қызметкерлері істеп жүр.
Шымкент қаласының суреттері
Бауырлас қалалар
Измир (Түркия)
Гроссето (Италия)
Могилёв (Беларусь)
Паттайя (Тайланд)
Ходжент (Тәжікстан)
Стивенедж (Англия)
Байинь (Қытай)
Ахарнон (Грекия)
Ескішехир (Түркия)
Дереккөздер
Ақпарат көздері
Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты
Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайты
«Шымкент аймақтық порталы»
Подушкин Н. П. Когда родился Шымкент? // Шымкент. Историко-информационный путеводитель. Шымкент, 1998.
ОҚО Статистика департаменті
Сілтемелер
Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты
Виртуалды Шымкент
Шымкент
Жібек жолының бойындағы қалалар
Республикалық маңызы бар қалалар |
"Ресей ({{efn| — Русь; Россия атауы гректің Ρωσία сөзінен (...TRUNCATED) |
"Қытай (ресми — Қытай Халық Республикасы, қысқартылға(...TRUNCATED) |
"Қырғызстан (), ресми Қырғыз Республикасы () — Орталық А(...TRUNCATED) |
"Өзбекстан (), ресми атауы — Өзбекстан Республикасы () (...TRUNCATED) |
"Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КС(...TRUNCATED) |
"Қазақ сөзі мынадай мағыналарға жатуы мүмкін:\n\n Қазақт(...TRUNCATED) |
"Қарағанды — Орталық Қазақстандағы қала, Қарағанды об(...TRUNCATED) |
"Қар барысы, Ілбіс () Орталық Азиядағы тауларда, Солтүст(...TRUNCATED) |
End of preview. Expand
in Data Studio
No dataset card yet
- Downloads last month
- 5